Салтанатты іс-шараны өткізу барысында Алматы облысы ТЖД «ӨМ және АҚЖҚ» ММ Жедел-құтқару жасағының авариялық-құтқару құралдарының, сүңгуірлік жабдықтарының және құтқару құралдарының көрмесі ұйымдастырылды.
«Патриоттық тәрбие – жастардың бойында жоғары патриоттық сананы, өз Отанына деген адалдық сезімін, азаматтық борышын және Отан мүддесін қорғау жөніндегі конституциялық міндеттерді орындауға дайындығын қалыптастыру бойынша жүйелі және мақсатты қызмет. Азаматтық қорғау органдарын жандандыру, патриотизмді арттыру мақсатында 5 және 6 сынып курсанттарының салтанатты анты өткізілді», – деп жазылған Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті хабарламасында.
Естеріңізге салсақ, Іле ауданы мен Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында Астанадағы көпқабатты үйде болған өртте бірнеше адамды құтқарып, өз өмірін құрбан еткен Асқар Забикулин атындағы «Жас өрт сөндірушілер» әскери-патриоттық клубы ашылған болатын.