Балалаларды қала әкімі Нұрлан Құматаев құттықтады.
«Сіздерді қала жұртшылығы атынан шын жүректен құттықтаймын. Адам өміріндегі ең үлкен бақыт – ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Бүгінгі балалар елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Қай мемлекет болсын бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетіні сөзсіз. Бар жақсылығын балаларына көрсетіп, олардың жан-жақты болып өсуіне қамқорлығын аямайтын мемлекеттің болашағы да жарқын», — деді шаһар басшысы.
Бүлдіршіндер өз мерекесінде түрлі сахналық киімдерін киіп алып ән шырқап, би биледі. Сондай-ақ облыстағы «Шин-Лайн» компаниясы балаларға балмұздақ таратып, көңілдерін шат-шадыман етті.