Игі іске «AMANAT» партиясының Алматы облыстық филиалы мұрындық болды. Мақсаты — 1 қазан Халықаралық қарттар күніне орай орталықтағы қазыналы қарттарымызды мерекемен құттықтау.
«AMANAT» партиясы қарияларға арнайы концерт ұйымдастырып, сый сыяпат жасады. Мұндай игі шараларды ұйымдастыру біздің міндетіміз дейді, партия басшысы.
«Бір ғана осындай күн, мерекені атап өтуімен ғана шектелмеу керек. Әрқашан да қарттардың мәселесі назарда болу қажет. Партияластар өздерінің мүмкіндігінше көмектерін беріп жатыр. Бұл өте орынды», – дейді партия филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев.
Жалпы «Шарапат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қазіргі таңда 120-ға жуық қызмет алушы бар. Олардың ішінде 40 мүмкіндігі шектеулі жандар, тоқсан жастан асқан 5 адам тұрады. Олардың бірі Нұрахмет Анықбаев. Аталған мекемеге 2007 жылы келген. 44 жыл ұстаздық жолында қызмет еткен.