Бұл туралы Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оның ішінде 4229 пәтер, 746 жеке үй, бірнеше ғимараттар бар.
Жалпы шаһардағы нысандардың газға қосылу үлесі 33 пайызды құрайды. Бүгінде халықты көгілдір отынмен қамту бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Биыл Сейфуллин көшесі мен № 1, 2, 4, 18, Ивушка шағын аудандарында газ құбырын тартуды аяқтау жоспарланған. Ал № 19-20, Спутник, Арна, Қарлығаш шағын аудандарына газ құбырын жүргізу жергілікті бюджет есебінен жүреді деп көзделуде. Ол үшін жобалық-сметалық құжаты әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жіберілді.
Сондай-ақ Қонаев қаласы облыс орталығы болғалы құрылыс қарқынды жүріп, халық саны күннен күнге көбейіп келеді. Осыған байланысты қосымша автоматтандырылған газ тарату станциясы мен газ тарату желілерін тарту қажеттілігі туындап отыр. Аталған бағытта да жұмыстар жүргізіледі.
Айта кетерлігі, қаладағы пәтерлер мен жеке тұрғын үйлер жауапты мекемеге түскен өтініштерге байланысты көгілдір отынға қосылады.