Қуанышты сәтке орай өткен салтанатты шараға қала әкімі Асхат Бердіханов арнайы қатысып, тұрғындарды құттықтады.
«Қонаев қаласында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізіліп келеді. Сонымен қатар, баспана мәселесін шешу – басты назарда. Былтырдан бері 165 отбасы жаңа пәтерге ие болса, бүгін тағы 28 отбасы қоныс тойын тойлап отыр. Биыл — ел үшін ерекше жыл. Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, ұлы тұлғаларымыздың 90 және 100 жылдықтары, сондай-ақ Жұмысшы мамандықтар жылына арналған игі бастамалар қатар жүзеге асырылуда. Осы айтулы кезеңде сіздердің де көптен күткен армандарыңыз орындалды. Шаңырақтарыңыз шаттық пен берекеге толы болсын!» – деді қала басшысы өз сөзінде.
Жаңа пәтерге ие болғандардың атынан Ғалия Момбекова алғыс білдіріп, өз әсерімен бөлісті:
«Бұл күнді көп күттік. Біз секілді отбасыларға қолдау көрсеткен Мемлекет басшысына, облыс және қала басшыларына шексіз ризашылығымызды білдіреміз. Бұл — біз үшін ұмытылмас сәт! Әр отбасы осындай қуанышқа кенеле берсін!» – деді ол.
Айта кетейік, берілген пәтерлер жекешелендіру құқығынсыз жалға ұсынылады, ал жалдау құны әлеуметтік әл-ауқаты төмен азаматтарға қолжетімді деңгейде белгіленген.