«Бүгіннен бастап елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес шетелдік көліктерді рәсімдеу басталды. Алматы облысы бойынша басты Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) Қонаев қаласында орналасқан. Бұл жерге түске дейін шетелдік көлігін рәсімдеуге өтініш білдіріп 16 азамат келді», — деді Нұржан Үстеміров.
Оның айтуынша, бұл жерде халыққа кеңес беру үшін ХҚКО мамандары, облыстық әкімшілік полиция басқармасының өкілдері, мемлекеттік органдар қызметкерлері отыр.
Алматы облысы бойынша қанша шетелдік көлік бар екені белгісіз. Себебі олар мемлекеттік тіркеуге отырмаған, тек сақтандыру бойынша ел аумағында жүреді. Нақты саны 1 шілдеден кейін белгілі болады. Ал Қазақстанға кірген шетелдік көліктер саны — 300 мың.
Айта кетейік, еліміз бойынша шетелдік көліктерді рәсімдеу 1 шілдеге дейін жалғасады.
https://www.alataunews.kz/zhanalyq/buegin-sheteldik-koelikterdi-zangdastyrw-bastaldy/