Маманның сөзінше, қаладағы 3 тұйықтың біреуі (Сейфуллин к.) ғана жұмыс істеп тұр. Ал бұрынғы «Фламинго» ойынханасының жанындағы тұйық 1 айдан кейін іске қосылады. Заречный ауылындағы тұйықтың биыл жұмыс істеп, істемейтіні белгісіз.
«Қазіргі таңда қаладағы көмір қоры 900 тонна. Биыл жалпы 29 мың тонна көмір қажет болып отыр. Осы апта шаһарға 270 тонна әкелінеді», — деді Дархан Қарағонысов.
Ал қатты отынның бағасы – 16500-18500 теңге. Оны тұрғындарға тасымалдау құны елдімекеннің алыс, жақындығына байланысты 6000-15000 теңге аралығында.
Сондай-ақ маман жылыту маусымында көмір мәселесі туындамайды деп сендірді.