«Денсаулық сақтау саласының 2022-2024 жылдардағы бюджетіне өзгерістер енгізілді. Аталған өзгеріс бойынша бұл салаға қосымша 244 млн теңге бөлуді жоспарлап отырмыз», — деді басқарма басшысы Асылан Ораз.
244 млн теңге келесідей бағыттарға арналады:
— коммуналдық қызметтер бойынша кредиторлық берешекті өтеуге – 146,4 млн теңге;
— лизинг бағдарламасына сай облыста сатып алынған 110 бірлік санитарлық автокөліктерді сақтандыруға – 84,4 млн теңге;
— Шелек ауылында 60 төсектік балалар үйін ашуға – 7 млн теңге;
— Қонаев қаласындағы жас мамандардың пәтер жалдауы үшін – 6,2 млн теңге.