Мысалы, Қонаев қаласының жекелеген санаттағы азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін қосымша 352 млн теңге бөлінеді. Ал елді мекендерді абаттандыру және жарықтандыру жөніндегі іс-шараларға 2,6 млрд теңге бағытталса, Балқаш, Қарасай, Райымбек, Ұйғыр аудандарында тұрғын үй салу үшін 1 444,6 млн теңге қарастырылмақ.
Сондай-ақ Еңбекшіқазақ және Жамбыл аудандарында инженерлік-коммуникациялық желілердің құрылысын аяқтауға және Райымбек ауданы Жаңа-Текес ауылының сумен жабдықтау жүйелерін реконструкциялау жұмысын аяқтау үшін жалпы сомасы 186,9 млн теңге бөлінеді.