1981 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Құқықтану (Қазақ мемлекеттік заң университеті) және қаржы (Қарағанды көпсалалы университеті) салаларында жоғары білімі бар.
Еңбек жолын Ақтау қаласының сотында бастаған. Әр жылдары банк, мұнай салаларында, Маңғыстау облысының прокуратура органдарында, оның ішінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.
Бұрынғы лауазымы — Тарбағатай аудандық сотының төрағасы.
Экономика және қаржы, автожолдар және ТКШ, сондай-ақ сәулет және қала құрылысы салаларына жетекшілік етеді.