Шырша мерекесінде Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Құматаев бүлдіршіндерге оқу-құралдары мен тәтті-дәмдіге толы сөмке сыйлады.
«Құрметті бүлдіршіндер, үміттеріңіз ақталып, арман, тілектеріңіз орындалсын! Бұл мереке көп жақсылық әкелсін. Білім жолындағы талаптарыңызға нұр жаусын. Еш уақытта қанаттарыңыз талмасын! Сіздерге артатын сеніміміз мол! Келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын!», — деді құттықтау сөзінде шаһар басшысы Нұрлан Құматаев.
Рождество мерекесін ұрлайтын әйгілі Гринч — шыршаның басты кейіпкері болды. Балалар онымен бірге бұрала би билеп, әншіге қосыла ән шырқады.
«Бүгінгі көңіл-күйім жақсы. Балаларға денсаулық, ашық аспан тілеймін! Қала әкімінің табыс еткен сыйлығы ұнады», — деді тілшілерге сұхбат берген оқушы Ботагөз.