«Біздің компания 3 жылдық бағдарлама бойынша қаладағы аулаларды заманауи үлгіде абаттандырып жатыр. Былтыр 7 жерді пайдалануға бердік, биыл 12 ауланың құрылысы жүріп жатыр. Ендігі жылы қалған аулалар абаттандырылады», — деді Асқар Ортыбаев.
Оның айтуынша, абаттандыруға ойын алаңдары, аула ішіндегі жолдар, жарық, жалпы барлық инфрақұрылым саласы кіреді. Және әр ауланың жеке жобалық-сметалық құжаты жасалып, әртүрлі көлемде қаржы бөлінген.
«Құрылыс толық аяқталған соң 2 жыл бойы тағы да қызмет көрсетеміз. Мысалы, жарық өшіп қалса, не ауланың бір жері бүлінсе, қайта қалпына келтіріп отырамыз. Ал ауланың тазалығына қала әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі жауапты», — деді маман.