«Бейнежазбаны жолдаған тұрғынның айтуынша, бұл мәселе өткен жылдан бері жалғасып келе жатыр. Ал аурухананың баспасөз қызметі аталған мәселеге байланысты еш жауап қатпаған. Шарасыз жұрт жәндік жайлаған жерде ем алуға мәжбүр. Түйіткілдің түйіні қашан тарқайды?», — деп жазылған инстаграм парақшалардың бірінде.
Аталған мәселені аурухана басшылығы жоққа шығармай, бұл бейнежазбаның терапия бөлімінде түсірілгені жайлы мәлім етті.
«Соңғы рет дезинфекциялау жұмысы 3 наурызда жасалды. Науқастарға жәндіктердің таралып кетпеуі үшін арнайы орындарда тамақтану керектігі жайында түсіндірме жұмысы жүргізілді. Жарияланған видео терапия бөлімінде түсірілген», — деп жазды жауабында аурухананың баспасөз қызметі.
Мамандар мәліметінше, жәндіктермен күресуге бағытталған шаралар әлі де жалғасын табады, бір айда бір рет тұрақты түрде жүргізіледі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram