Қаладағы автобекет ғимараты бірнеше жыл бұрын жеке меншікке өтіп кеткен. Қазір бұл нысанда вокзалдан бөлек, мемлекеттік мекемелер орналасқан. Өңір басшысы тиісті мамандарға ғимараттың қалайша жеке меншікке өтіп кеткенін, нысаналы мақсатта пайдаланып, я пайдаланылмай жатқанын тексеруді тапсырды.э
Әкім вокзал аумағының антисанитариялық жағдайына да назар аударды. Қоқыс жәшіктері толып, жақын маңдағы «Алматы-Қонаев» пойызы қатынайтын стансадағы аялдамалардың әйнегі сынған. Асхат Бердіханов абаттандыру ережесін бұзған азаматтарды тез анықтау үшін бейнебақылау камераларын орнатуды тапсырды.