Өйткені, донорлық стационарлар арнайы аппараттармен жабдықталмаған. Жуырда Шымкент, Повлодар, Алматы, Ақмола, Қызылорда облыстарында мәйіттік донор ағзалары тіркеліп, бірнеше науқасты қуантты. Яғни, ағзаларын ауыстыруға мүмкіндік алып жатыр.
Қайтыс болғаннан кейінгі донор ағзаларын мұқтаж жандарға беруге келісімді олардың туыстары берді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантаттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталығы (ТЖТМҚҮРО) донорлық және трансплантаттау процесін жедел ұйымдастыруды жүзеге асырып отыр. Көп ағзалық алу барысында бауыр, жүрек және екі бүйрек, өкпе алынды.
Әрбір жасалынған ағзаларды трансплантаттау бойынша сәтті операциялар жүргізіліп келеді.
ТЖТМҚҮРО деректері бойынша 2023 жылы Қазақстанда қайтыс болғаннан кейін 7 донор тіркелді. Бұл 19 ағзаны трансплантаттауға мүмкіндік берді. 2024 жылдың басынан бері қайтыс болғаннан кейінгі донорлардың саны 5-еу болды. Нәтижесінде 19 ағзаны трансплантаттауға мүмкіндік берді.
«Трансплантологияның даму деңгейі денсаулық сақтау жүйесі мен медициналық қызметтер сапасының дамуының өзіндік индикаторы болып табылады. Себебі ағзаларды сәтті трансплантаттау құқықтық база, дайындалған адам ресурстары, техникалық мүмкіндіктер және елде қалыптасқан донорлық мәдениет болған кезде ғана жүзеге асырылады», — дейді Алматы облысы бойынша донорлық үйлестіруші Ақерке Тұрсынбайқызы.
Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандық мамандарды, медицина қызметкерлерін, әсіресе трансплантологтарды даярлау мен үйлестірудің жоғары деңгейін, сондай-ақ халық тарапынан қолдаудың артып келе жатқанын атап өтті. Елде трансплантологиялық көмекті дамыту жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады. Бұл медициналық көмек МӘМС қоры есебінен жүзеге асырылады.