Ақылы жол пайдаланушыларын уақтылы хабардар ету үшін ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы SMS-хабарлама қызметінің пилоттық жобасын іске қосты.
Ақылы жолға алғаш өткен кезде автокөлік иесі SMS-хабарлама алады. Хабарламада төлем әдістері туралы сілтеме де қарастырылған.
«SMS-хабарлама ашық жүйе іске қосылған жеті ақылы жолдан өткен кезде келеді. Олардың қатарында Астана-Павлодар, Шымкент-Қызылорда, Шымкент-Ташкент, Шымкент-Тараз,Тараз-Қайнар, Қонаев-Талдықорған және Щучинск-Көкшетау күре жолдары бар. Шлагбаумдар қарастырылған учаскелерден өткен кезде («Астана-Щучинск», «Астана-Теміртау», «Алматы-Қонаев», «Алматы-Қорғас») SMS-хабарлама келмейді», – делінген компания мәліметінде.