«Сөз «Ордабасы», «Сауран», «Сарайшық» және «Есік» визит-орталықтарының құрылысын аяқтау туралы болып отыр. Орталықтар заманауи стандарт бойынша салынады. Ол азаматтардың демалысын ұйымдастыруға арналған, саяхат жасайтын іргелі орындарға айналмақ», — деп атап өтті министр.
Сонымен қатар, Астанада «Бозоқ» Ұлттық паркін салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Алматыда Орталық мемлекеттік мұрағат жанынан мұрағат қоймасын салу — алдымызға қойылған тағы бір маңызды міндет болып отыр. Орталық мемлекеттік мұрағаттар қоймасын кеңейту — бұл тарихи-мәдени мұрамызды сақтау мен бай құндылықтарымызды қастерлеу», — деді Асхат Оралов.