«Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы жинау алаңы 23,4 млн гектар болды. Оның ішінде дәнді дақылдарды жинау алаңы 16,1 млн гектар. Орташа өнімділік 13,0 ц/гектармен есептегенде, 20,1 млн тонна астық бастырылды», — деп хабарлады Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.
1,4 млн гектар алқаптан майлы дақылдар жиналды. Бұл терім алаңының 40%-ын құрайды. Нәтижесінде 1 млн тонна май тұқымы жиналды. 164,5 мың гектардан картоп жиналды. Бұл жоспарланған аумақтың 83,3% құрайды. Жалпы жиын-терім 3,2 млн тонна. 149,6 мың гектардан алқаптан 4,2 млн тонна көкөніс дақылдары жиналды.
«Бүгінгі таңда егін жинау жұмыстары аяқталды. Жалпы, ауа райы қолайлы болды. Егін жинау орташа жылдық көрсеткіштен жоғары болады деген болжам бар», — деді Ауыл шаруашылығы министрі.
Қазақстан 2021 жылы 16,4 млн тонна астық бастырды, бұл 2020 жылға қарағанда 18% аз.