Бұл нысан «Қазақстан теміржолы» АҚ-ның иелігінде.
Компания өкілінің сөзінше, бүгінде Қонаевта ,жаңа станса салуға халықтан сұраныс жоқ. Себебі, «Алматы-Өскемен», «Қонаев-Қарағанды» күре жолдары арқылы көлікпен қатынайтындар көп. Сондай-ақ тұрғындар ел ішінде пойызбен жүру үшін көбіне Алматыға барады.
Шаһар басшысы қандай жағдай болмасын, станса өз деңгейінде қызмет ету керек екенін түртіп айтты.
«Тұрғындар түнде жарық жоқ екеніне үнемі шағымданады. Жолаушылар пойыздан түскенде қауіпсіздік үшін алаңдамауы тиіс. Бұл проблема жақын арада шешілсін. Бейнебақылау камераларын орнатып, ғимараттың жан-жағын қоқыстан тазалау қажет», – деді Асхат Бердіханов.