Тұрғындар шағымын әлеуметтік желіде қалдырған. Олардың жазуынша, әкімдікке көбірек шағым түсіру керек. Себебі, биыл кенелердің саны жылдағыдан көп. Қаскелеңдіктер, әсіресе, балаларының денсаулығы үшін алаңдап отыр.
Ал әкімдіктегілер Қаскелеңде биыл өңдеу жасалмағанын жасырмады. Мамандардың сөзінше, 6, 17, 20 мамыр күндері Қаскелең шатқалында аталған шара жүргізіледі.
Айта кетейік, биыл Қарасай ауданы бойынша сәуірде кене шағудың 47, мамырда 85 дерегі тіркелген. Энцефалитке қарсы екпе болса, адамды шаққанда ғана салынады.