Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Алматы облыстық филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, портальды гипертензия синдромы қойылған. Яғни, 3 дәрежелі өңештің варикозды кеңеюі тіркелген. Ауру қан кетумен асқынған.
«1953 жылғы науқасқа ем МӘМС есебінен тегін тағайындалды. Науқас орташа дәрежедегі постгеморрагиялық анемия екенін білдік. Бұл – жылдам және массивті қан жоғалтудан туындаған анемия. Бейнеэзофагогастродуоденоскопия кезінде өңештің веналарынан қан кету жалғасты. Осыдан кейін азаматқа шұғыл түрде қан кету биіктігінде өңешті байлау жүргізілді. Нәтижесінде ешқандай асқынусыз қан тоқтады», — деді отаны жасаған аурухана хирургі Данияр Рустамұлы.
Дәрігер отаның сәтті өткенін айтады. Зейнеткер 6 күннен кейін аурухана қабырғасынан шығарылған. Оның өлім аузынан аман алып қалған ақ халатты абзал жандарға алғысы зор. Айта кетерлігі, науқасқа ем-шара міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін жүргізілді. Жалпы, Қарасай аудандық ауруханасының материалдық техникалық базасы заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған және мұнда күрделі оталарды өткізуге барлық жағдай жасалған.
МӘМС қоры Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі