Кеше Қарасай ауданының прокуроры Жәнібек Жақаевтың бастамасымен аудандық прокуратура ұжымы «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында тұрмысы төмен және толық емес отбасылардан шыққан, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 100 баланы «Молл Апорт» сауда-ойын-сауық орталығына апарып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады, деп хабарлайды alataunews.kz ақпарат агенттігі Naqty.kz басылымына сілтеме жасап.
Балаларды қуанту үшін бағдарлама бойынша ірі ойын-сауық кешеніне апарып, мультфильм көрсетілді, содан кейін ойын-сауық орталығындағы фудкортта мерекелік түскі ас ұйымдастырылды.
Көңілді басқосу аяқталған соң барлық бала ата-аналарының ілесуімен үйлеріне жеткізілді.
Айта кетейік, шараның мақсаты — балаларға ерекше назар аудару, өскелең ұрпақтың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыру.