«ТЖД мамандары аталған мекенжайға барғанда ұзындығы 300 метрден асатын мұз қатып, су деңгейінің көтерілгені анықталды. Өзен суының арнадан шығып, сел жүруін болдырмау үшін өзен арнасы мұздан тазартылды», — деп жазды облыстық ТЖД.
Бұл жұмысқа Қарасай ауданы ТЖБ-ның 1 техникасы мен 2 қызметкері, «Қазселденқорғау» мекемесінің 2 техникасы мен 4 қызметкері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың 2 қызметкері, «Үшқоңыр суару» мекемесінің 2 қызметкері жұмылдырылды.
Өзен сағат 12:20-да тазартылды, су деңгейі төмендеді.