«Өткен жылы барлығы 26 204 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелсе, биыл олардың саны 2490-ға артып, 28 694 нысанға жетті. 18,1 млрд. теңгеге өнім өндірілді. Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 7 пайызға артық», — деді әкім.
Аудан әкімінің айтуынша, биыл «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» аясында 54 кәсіпкерге 12,6 млрд. теңге көлемінде қолдау көрсетілді.
«Ал халықты жұмыспен қамту бөлімінің шараларына 1565 азамат тартылып, 322,9 млн. теңге қаржат бөлінді. Атап айтсақ, кәсіпкерлікті дамыту бойынша 30 жобаның пайыздық мөлшерін субсидиялауға 12,4 млрд теңге және кепілдік беру бойынша 9 жобаға 185 млн теңге бөлінді», — деді Жасұлан Естенов.
Ауданда жаңа бизнесті бастауға және кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 15 азаматқа 20,7 млн. теңге қайтарымсыз негізде мемлекеттік грант берілген. Сонымен қатар 40 азамат қайта даярлау курстарына жіберіліп, оған 2,3 млн. теңге бөлінген. «Жастар тәжірибесіне» 45 жас маман, «Әлеуметтік жұмыс орындарын» ұйымдастыру аясында 68 азамат, «Ақылы қоғамдық жұмысқа» 1064 азамат жіберілді. Бұл бағытқа 299,8 млн. теңге қарастырылған.