«Мемлекет басшысының жарлығымен жанкешті және жемісті еңбегі үшін Qarmet акционерлік қоғамының Костенко атындағы шахтасының жерасты учаскесінің электр слесарі Айбар Бекболатұы Қосанов ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен наградталды», — деп жазылған хабарламада.
Айбар Қосанов бірнеше күн Костенко шахтасындағы өрттің алдын алды. Оқиға кезінде 190-ға жуық кеншіні эвакуациялауға тура келген.