Жалпы, полицияның мәліметінше, аталған қылмыстарға қатысы бар топтың 8 мүшесі ұсталды.
Ұйымдасқан қылмыстық топ құру, басқару және оған қатысу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тергеу әрекеттері барысында жалпы құны 55 миллион теңгеден астам өзге де бопсалау деректері анықталды. Сондай-ақ олардың «Қазақстан Темір Жолы» АҚ-ның объектілерінен тауар-материал ұрлау дерегіне қатысы бары анықталды.
Полиция қызметкерлері 25 тінту жұмысын жүргізіп, тіркелмеген атыс және суық қару, оқ-дәрілер және діни кітаптар тәркіледі.
Олардың осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы тексеріліп жатыр. Аталған бағыттағы жұмыстар Ішкі істер министрлігінің үнемі бақылауында.