«Полиция қызметкерлері жүргізген кешенді жұмыстардың нәтижесінде жас нәрестені далада тастап кету дерегі бойынша күдікті 29 жастағы ер адам және 22 жастағы азаматша ұсталды. Қазір оқиғаның толық мән жайы анықталуда. Өзге ақпараттар тергеу құпиялығына сәйкес әзірге жария етілмейді», — деді ол.