Оның айтуынша, зардап шеккен бес адамның үшеуі ауруханада жатыр, екеуі амбулаторлық емделуге жіберілді.
«Бұқар жырау аудандық ауруханасында екі ересек науқас емделіп жатыр, бір жәбірленушінің денесінің 80 пайызын күйік шалған, жағдайы ауыр, өте ауыр деуге болады, аралас жарақат алған. Екінші науқастың денесінің 26% күйік шалған, жағдайы ауыр, бірақ тұрақты, биіктікте аралас жарақат алған. Зардап шеккен бала санитарлық авиациямен облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді, жағдайы орташа ауыр, ауыр болып, жансақтау бөліміне жатқызылды», — деді Бибігүл Төлегенова.
Ол барлық зардап шеккендерге медициналық көмек толығымен көрсетіліп жатқанын айтты