Жергілікті «Бірінші Қарағанды» телеарнасының мәліметінше, оқиға Томар ауылында болған. Құлшылық жасайтын орын толығымен жанып кеткен. Өрт кешкі уақытта ғимарат бос болған кезде басталған. Жалын жылдам таралып, қою түтін алыстан көрінген.
Жергілікті тұрғындар құтқарушылар келгенге дейін өртті өздері сөндіруге тырысқан. Бірақ алапат өрт әп-сәтте шарпып үлгерген. Әлеуметтік желідегі тараған видеода оқиға орнына өрт сөндірушілер дер кезінде жетпегені айтылады.
Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.