«Осы уақытқа дейін табиғат қорғау заңнамасын бұзудың жеті фактісі анықталды», — деп хабарлайды Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы.
Мәселен, үш адамға қатысты іс әкімшілік сотқа жіберілді. Сот шешіміне дейін олардан 75 кг заңсыз ауланған балық және 450 метр тыйым салынған торлар, моножіптер тәркіленді. Балық ресурстарына алдын ала залал 974 348 теңгені құрады.
Сондай-ақ заңсыз балық аулағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы бойынша төрт әкімшілік хаттама толтырылып, заңбұзушыларға 34 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Рейдтер Балқаш көлінде де (Алматы облысының аумағында) жүргізілді. Мұнда заңбұзу фактісінің екі дерегі тіркелді. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ балық аулау ережелерін өрескел бұзған азаматтың үстінен ҚР ҚК 335-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Процессуалдық шешім қабылданғанға дейін заңбұзушылардан 104 келі балық және 100 метр пайдалануға тыйым салынған балық аулау құралдары тәркіленді. Балық ресурстарына алдын ала залал 357 130 теңгені құрады.