15 шілде күні түскі уақытта төтеншеліктер катамаранмен жүзіп, жағадан алыстап кеткен 8 адамды құтқарды. Олардың екеуі ересек, алтауы балалар. Құтқарушылар катамаранға келгенде су көлігінің ішіне су толып, балалардың шошынып қалғанын көрген. Оларды 4 адам құтқарып алды.
Ал екінші оқиға кешкі уақытта болған. ТЖД хабарлауынша, ер адам ескерту белгісін ескермей, суда шомылып жүріп, шұңқырға түсіп кеткен. Бата бастаған тұрғынды 2 маман құтқарып алған.
ТЖД мамандары суда жүзгенде қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.