«Бүгін Қапшағай су қоймасының иесіз жерлеріндегі балықтарға оттегі жетіспеушілігін алдын алу үшін 100-ге жуық ойық ойылып, қамыс орнатылды. Бұған дейін Іле өзенінде осыған ұқсас шара ұйымдастырдық. Ол кезде 166 ойық ойылған. Қамыс орнату – суда оттегінің көбеюіне әсер етеді әрі көлдің қайтадан қатып қалуына жол бермейді», — деді инспекция басшысының орынбасары Ринат Кумашев.
Оның айтуынша, Қапшағай көліне иелік ететін 14 шаруашылық бар. Олар да өз аумақтарында қамыс баулар орнатқан.
«Бұл көлде балықтың 10 түрі мекендейді. Олар: сазан, көксерке (судак), ақмарқа (жерих), жайын (сом), қаракөз (вобла) және т.б. Қапшағайда балық қорын бірқалыпты ұстау мақсатында жылда балықтандыру және аэрация жұмыстары жүргізіледі», – деді инспектор орынбасары.
Бүгінгі шараға еріктілерден, әкімдік пен инспекция мамандарынан құралған 40-қа жуық адам, бірнеше техника жұмылдырылды.