Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалпы ұзындығы 5.5 шақырым жер абаттандырылады. Жоба бойынша тротуарлар мен велосипед жолдарын салу, көгалдандыру, воркаут алаң тұрғызу, амфитеатр, коммерциялық алаңдарды орнатуды қоса алғанда, жағажайды толық қайта құру көзделген.
Құрылыс жұмыстары 2 жыл ішінде толығымен аяқталады деп жоспарланып отыр. Нәтижесінде 400 жұмыс орны құрылып, бюджетке жылына 2 млрд теңге түсім түседі.
«Бұл жобаны жүзеге асыру облыс орталығының көркеюіне септігін тигізеді. Жаңа жағажайда балалар да, жасы келген адамдар да тынығуына жағдай жасалады. Сондай-ақ бұл жерде үлкен әрі маңызды іс-шараларды өткізуге мүмкіндік ашылады», — деп жазды баспасөз қызметі.