«2023 жылғы 9 маусымда сағат 14:40-та Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Қапшағай су қоймасының қалалық жағажайында Қонаев қаласында үш жігіттің суға батып бара жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу құтқарушылар жіберілді», — деп жазды ТЖД.
Қонаев қаласының жедел-құтқару күшімен 2001-2002 жылы туған 3 жігіт жағадан бес жүз метр қашықтықта құтқарылды. Олар катамаранмен сырғанау кезінде аударылып, өз бетінше жағаға жете алмаған.