Безгектің тасымалдаушысы – масалар. Олар ағысы баяу тоғандарда, су қоймаларында, өзеннің ескі арналарында өсіп, көбейеді. Жыл сайын мамыр, маусым, шілде айларында 3 кезеңмен Қапшағай су қоймасының 70,0 га көлеміне өңдеу жүргізіледі. Бірақ, ауа райының ерте жылынуына орай, өңдеу жұмыстары сәуір айында басталды. Бүгінгі күні Қапшағай су қоймасының 21,3 га көлеміне өңдеу жүргізілді.
Айта кетейік, безгектің белгілері – қызба, бас ауруы және қалтырау. Әдетте ауру жұқтырған масаның шағуынан 10-15 күн өткен соң пайда болады. Емдеу болмаған жағдайда ауру асқынып, өлімге әкелуі мүмкін.