Қазіргі таңда балық шаруашылығы саласына жауапты мамандардан арнайы комиссия құрылды. Олар оқиғаның мән-жайын анықтайтын болады.
Қалалық балық инспекциясы мамандарының айтуынша, Іле өзенінің Қытайдан ағып келетінін ескерсек, қытайлықтардың улы зат төгуі мүмкін емес. Олай болған жағдайда Іле өзені бойында да мұндай апаттар орын алуы керек еді. Яғни, бұл апат тек Қапшағай су қоймасында ғана орын алған.
«Сағат таңғы 10-нан бастап балықтар су бетіне қалқып шыға бастады. Бұлар көксерке мен қаракөз балықтарының шабақтары. Оқиға Қапшағай су қоймасының 11-шаруашылығы телімінің аумағында болды. Зерттеулер нәтижесі кейінірек айтылады. Бұған дейін мұндай жағдайлар тіркелмеген. Тек «Қапшағай ГЭС» төңірегіндегі өзеннен үнемі балық шабақтарын құтқарып алатынбыз. Қонаев қаласының ішіндегі жағажайларды мамандар аралап шықты. Ол жерлерден өлі шабақтар табылмады «, — дейді балық шаруашылығы инспекциясы маманы.
Оқиғаның мән-жайын комиссия жұмысының қорытындысы белгілі болғанда айтамыз.