Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы обл8ысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы айтты.
Дін қызметкерінің айтуынша, Биыл наурыз айының 11-і күні қасиетті Рамазан айы басталады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы сәуір айының 5-нен 6-на қараған түнін Қасиетті Қадір түні деп белгілеген. Ал, 10 сәуір – Ораза айт мерекесі.
«Сауаптар еселеніп жазылатын бұл айда жасалған қайырлы істің қайтарымы адам баласы үшін құпия-сыр. Тіпті, ауыз бекітушіге берілетін сый мен сауап, құрмет пен марапат пайғамбарлар мен періштелерге де белгісіз. Алматы облысының тұрғындарын қасиетті айда жүзеге асатын «Рамазан қоржыны», «Рамазан сыйы», «Рамазан тәттісі» «Жомарт жұма», сынды қайырымдылық іс-шараларға үлес қосуға шақырамын»,- деді Мадияр Тағайбайұлы.
Сонымен қатар бас имамның айтуынша, өңірдегі 73 мешітте хатым құран түсіріліп, 30 күн тарауих намаздары оқылатан болады.
Еске салайық, биыл пітір мөлшері 640 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады.