Бұл шабақтар Көлді ауылынан әкелінді.
«Қапшағайда балық қорын бірқалыпты ұстау мақсатында жылда балықтандыру жұмыстары жүргізіледі. Бүгін біз бір ғана серіктестіктің шабақ жібергенін көріп отырмыз. Ал кейбір ірі шаруашылықтар өз учаскесіне 10-15000 шабақ жібереді», — деді Алматы облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Айдар Мағзумов.
Оның айтуынша, Қапшағай су қоймасы төңірегінде 14 табиғи ресурсты пайдаланушы серіктестік бар. Оларға биыл 1121 тоннадан астам балықты аулауға рұқсат берілді. Бұдан бөлек, 24 балық шаруашылығы учаскесі өз жұмысын дөңгелетіп отыр.
«Бұл көлде балықтың 10 түрі мекендейді. Олар: сазан, көксерке (судак), ақмарқа (жерих), жайын (сом), қаракөз (вобла) және т.б.», — деді Айдар Мағзумов.
Сонымен қатар ол өңірде осы кәсіптің тасын өрге домалату үшін Алматы агломерациясына қарасты аудандарда бекіре, форель, сазан өсіретін жаңа өндірістік орындар ашылып жатқанын айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram