Қаңтардағы тәртіпсіздіктерден зардап шеккен кәсіпкерлер 100 млн теңге көлемінде материалдық залалдың орнын толтыра алмай жүрген. Осының аясында олар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды анықтау жөніндегі өңірлік комиссияға жүгініп, нәтижесінде өтінімдері қабылданды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және өңірлік кәсіпкерлер палатасының араласуымен мүдделі тараппен кездесу ұйымдастырылған.
«Шағын және орта бизнестің кәсіпкерлері Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына әкімшілік кедергілер бойынша шағым түсірді. Кесдесу нәтижесі бойынша кәсіпкерлерге қаңтардағы шығын толықтай өтелді. Кәсіпкерлердің заңды құқықтары қорғалды», — делінген Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.