13 маусымда Сарқан қаласының маңында Жетісу облысы ПД ҰҚККБ жедел қызметкерлері мен ҰҚКД қызметкерлерінің күшімен қару-жарақ сақталған орын анықталды. Полиэтилен пакетке оралған атыс қаруы мен оқ-дәрілер Сарқан-Екіаша автожолының 5-шақырымында суармалы арықтан табылған.
«7 патронмен жарақтандырылған «Байкал» тапаншасы, бір ауызды аңшылық мылтығы, 12 калибрлі шолақ мылтық, маркасы белгіленбеген, сериялық нөмірлері жоқ газ тапаншасы, сондай-ақ әртүрлі калибрлі 105 патрон тәркіленді. «Байкал» тапаншасы 2022 жылы Талдықорған қаласында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланғаны анықталды», — деп хабарлады Жетісу облысы ПД ҰҚККБ бастығы Сарқытбай Құсайынов.