Қайрат Жақсылықұлы Умаров Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласының тумасы. Аймақтану бакалавры және құқық магистрі мамандықтары бойынша 2 жоғары білімі бар.
Мансабын 2009 жылы Алматы қаласындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ММ инспекторы қызметінен бастады, кейін «Алматы қаласы әкімдігінің Күрделі құрылыс кәсіпорнында» жетекші маман болып жұмыс істеді. Сондай-ақ, Айтей ауылының әкімдігінде (Қарасай ауданы) әкім аппаратының бас маманы, одан әрі — әкімнің орынбасары болып жұмыс істеді. 2020 жылдың қыркүйегінен бастап Шеңгелді ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болды. Алдыңғы жұмыс орны — Заречный ауылдық округінің әкімі (09.12.2020 ж. — 01.06.2023 ж.)