«Өздеріңізге белгілі, елімізде көкнәр, қызғалдақ, бәйшешек гүлдері Қызыл кітапқа енгізілген. Бұл өсімдіктерді жұлып, табиғатқа зиян келтіретін тұлғалар баршылық», — деп жазды прокуратура.
Аталған органдағы табиғат сақшыларының мәліметінше, гүлдерді жұлған азаматтарға ҚР ҚК-нің 339-бабына сәйкес 3000 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Немесе оларға 80 тәулік қоғамдық жұмысқа тартылу, 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу не қамау жазалары қолданылады.
«Қылмыстық жауапкершілікке тартылмау үшін табиғатқа зиян келтірмеулеріңізді сұраймыз», — делінген ақпаратта.