Аталған мәселеге байланысты облыс әкімдігінің баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады. Айтуларынша, бұл лагерь қалалық білім бөліміне қарасты емес. Лагерь «Текелі» демалыс аймағында орналасқан. Нысан 44 баланы қабылдауға арналған.
«Қонаев қаласының білім бөлімі 19 шілде күні жекеменшік «Бәйтерек» лагерінің жұмысына мониторинг жүргізді. Тексеріс барысында лагердің санитарлық-эпидемиологиялық сараптама рұқсаттары бар екені және Сарқан қаласының оқушылары демалып жатқаны анықталды. Мұнда бүгінгі күнге дейін Алматы облысының оқушылары бармаған», — деп жазды баспасөз қызметі.
Бүгін облыстық прокуратура қызметкерлері лагерьдің жұмысын тексеріп жатыр. Кейінірек жұмыстың нәтижесі жарияланады.