Нақтырақ айтсақ, желіде Іле ауданындағы №46 мектеп оқушысының үйіне білім бөлімінің мамандары барып, сертификатты қайтаруларын талап еткендігі туралы жазылған. Аталған жағдайға байланысты облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлжан Елубаева тілшілерге сұхбат беріп, мән-жайды түсіндірді.
Оның айтуынша, мерекелік шараға қатысқан 200 баланың барлығына сертификат беріліп, ақша қамқоршылар мен қорғаншылардың жеке шотына аударылды.
«Іле ауданындағы жағдай туралы айтар болсақ, аудандық білім бөлімінің мамандары сертификатты балалар жоғалтып алмасын деген мақсатта оны қайта алғандары рас. Кей ата-аналар дүкенге барып, балаға қажетті заттарды алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда білім бөлімі ықпал етеді. Мамандар ата-аналармен бірге жүріп, оқушыларға керек заттарды сатып алады. Іле ауданында да тура осы жағдай орын алған. Сертификаттар табыс етілгеннен кейінгі барлық шаралар білім басқармасының бақылауында», — деді Гүлжан Елубаева.
Посмотреть эту публикацию в Instagram