Полиция Талғардағы қайғылы оқиға болған күнгі видеоның қалай тарап кеткенін тексерілетін болады, деп хабарлайды alataunews.kz.
Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Бауыржан Әленов мәлімдеді.
«Әлеуметтік желіде видеоны таратқандарға қылмыстық іс қозғалды. Кімнің, қай жерден жібергенін анықтап, толық ақпарат береміз», – деді Әленов Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте.