8 мамырда сағат 23.25-те Павлодар облысы ТЖД-ға Аққулы ауданының Шабар ауылы маңындағы Ертіс өзенінде кеме капитаны суға батып кетті деген хабар түскен.
«9 мамырда оқиға орнына 4 сүңгуірші жіберілді. Бір тәулікте жұмыс нәтиже бермеді. Іздестіру жұмыстарын су деңгейі көтерілуі, қатты жел мен өзен ағыны қиындатып отыр», — деп жауап берді өңірдің ТЖД өкілдері.
Ведомство мәліметінше, іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.