Аукцион Астанада 26 мамырда сағат 15.00-де өтеді.
Аталған аукционға алтын, күміс, кварцит, барит, көмір, фосфорит және тағы да басқа қатты пайдалы қазбаларға байланысты 28 лот қойылады.
Аукцион индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ғимаратында немесе электронды форматта өткізіледі.
Қатысу үшін өтінімдер ақпанның 1-нен бастап 24 наурызға дейін қабылданады.