Қазақстан азаматтары бюллетеньдегі бір ғана сұраққа жауап береді:
«Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қолдайсыз ба?»

Екі жауап нұсқасы ұсынылған:
- Иә, қабылдаймын;
- Жоқ, қабылдамаймын.
Бюллетеньдер қазақ және орыс тілдерінде басылады. Республикалық референдумда 12 миллионнан астам азамат дауыс беруге құқылы.
Естеріңізге салайық, 15 наурызда өтетін референдумда Қазақстан халқы жаңа Конституция үшін дауыс береді.





