2024 жылдың 7-16 қазанында мемлекеттік қызметкерлер арасында “Спорт — маңызды, спорт — қажет” ұранымен 10 күндік таңғы жаттығу өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.
Іс-шараның негізгі мақсаты салауатты өмір салтын насихаттап, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру.
Жаттығуға Олимпиада жүлдегерлері мен әлем чемпиондары Демеу Жадраев, Дамир Күзембаев, Хорлан Жақанша қатысып, басқа қатысушылардың жігерін арттырды. Сайыс соңында белсенді қатысушылар ақшалай сыйлықтармен, медальдармен және I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Бұл тек денені шынықтыру ғана емес, әріптестер арасында бірлік пен қолдау атмосферасын қалыптастыруға тамаша мүмкіндік!