Биыл қатысушылардың рекордтық саны тіркелді.
Спортшыларды қарсы алған Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «Oceanman» тек спорт мерекесі ғана емес, өңірдің туристік тартымдылығын көрсету мүмкіндігі екенін атап өтті.
“Спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Облыстың жарты миллионға жуық тұрғыны, халықтың 39,5% спортшылар”, — деді әкім.
Италиядан Қазақстанға дейін: Oceanman континенттерді біріктіреді. Ол 2015 жылы Италия мен Испанияда басталған халықаралық франчайзинг. Бүгінгі таңда жарыс бүкіл әлемде өтеді, кәсіпқой, әуесқой жүзушілерді жинайды. Ұйымдастырушылар қатысушылардың деңгейіне қарай әр түрлі қашықтықты қарастырған. Жакадан бастаушылар үшін 1 шақырым, тәжірибелі спортшылар үшін 10 шақырым.
«Oceanman Kazakhstan тіркелген қатысушылар саны бойынша соңғы үш жылдағы рекордты орнатты», — деді бас ұйымдастырушы, Oceanman Kazakhstan франшизасының иегері Ералы Оралов.
Биылғы жылы жүзуге Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Еуропа, Азия және Австралияны қоса алғанда, әлемнің 17 елінен 2600-ден астам жүзуші қатысады. Қатысушылардың жасы 7 — ден 70 жасқа дейін.
“Бүгін осы шараға куә болу үшін 3000-нан астам адам жиналды. Дәл осындай ауқымды оқиғалар жоғары дәрежелі спортшыларды дайындап тәрбиелейді, сондай-ақ облыста да, елде де спорт пен туризмді дамыту үшін қосымша серпін болады», — деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.
Бірінші жарыс күні 10 және 5 шақырымға жүзу өтті. Ең танымал-450 адам қатысқан Half oceanman (5 шақырым) қашықтығы.
Жарыстың екінші күні қатысушыларды «SPRINT», «OCEANTEAMS» және «OCEANKIDS» (7-14 жас аралығындағы балалар үшін) қашықтықтары күтеді.